Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАустралияның Перт әуежайында ұшақ жолаушысы әуе кемесі қызметкеріне қол көтергені үшін 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Daily Mail басылымының жазуынша, ұшақ Брисбен қаласына ұшуға дайындалып жатқан кезде, 59 жастағы Шон Джозеф Хоуленд есімді жолаушы ұшар алдында дәретханаға баруды ұйғарған. Осы сәтте экипаж мүшесі одан орнына отыруды және белдігін тағуды сұраған. Алайда ер адам бұл ескертуді елемеген.
Дәретханадан шыққан соң, Хоуленд өзін тоқтата алмай, оған ескерту жасаған бортсерікті итеріп жіберген.
Ұшақ экипажы бірден полиция шақырған. Нәтижесінде Шон Хоуленд тұтқындалды, бірақ ол тергеу органдарымен ынтымақтастықтан бас тартты. Қазіргі таңда оған экипаж мүшесіне шабуыл жасады деген айып тағылып отыр. Бұл әрекеті үшін ол 14 жылға дейін түрме жазасына кесілуі мүмкін.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар