Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖексенбі күні мыңдаған австралиялық азамат елдің ірі қалаларында иммиграцияға қарсы наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Австралия үшін марш» атауымен митингілер Сидней, Мельбурн және басқа да қалаларда ұйымдастырылды.
Шеруге оппозициялық саясаткерлер де қосылды. Олардың қатарында «Бір ұлт» партиясының сенаторы Полин Хансон мен федералдық депутат Боб Каттер бар. Алайда Австралия үкіметі бұл шерулерді «оңшыл радикалдармен байланысты» деп сынап, олардың «жеккөрушілік тарататынын» атап өтті.
ABC Australia дерегінше, Сиднейдегі митингке 8 мыңға жуық адам жиналған. Қалада жүздеген полиция қызметкері жұмылдырылғанымен, «елеулі тәртіп бұзушылықтар» тіркелмеген. Мельбурнде иммиграцияға қарсы шыққандар мен Палестинаны қолдаған шерушілер арасында қақтығыс орын алды. Сондай-ақ елге танымал неонацист Томас Сьюэлл парламент ғимаратының баспалдағынан халыққа сөз сөйледі.
Ал Аделаида қаласында полицияның бағалауынша, марштар мен қарсы шерулерге 15 мыңға жуық адам қатысқан. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, көпшілік «жалпы алғанда тәртіпті сақтаған».
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары