Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӨзбекстанда күйеуі әйелін бірнеше күн бойы ауруханаға жібермей, соққыға жыққан. Салдарынан 27 жастағы Шахноза ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Самарқанд облысында болған. Марқұмның туыстарының айтуынша, 2025 жылдың 6 қаңтарында Шахнозаны күйеуі аяусыз ұрып-соққан. Жәбірленуші бірден полицияға жүгінбеген, алдымен жергілікті махалладан көмек сұраған. Алайда махалла да, басқа жергілікті органдар да ешқандай шара қолданбаған.
Осылайша, Шахноза ауыр халде бірнеше күн үйінде жатқан. Тек 12 қаңтарда анасы Ресейден оралғаннан кейін ғана оны ауруханаға жеткізген. Бірақ дәрігерлер зорлық-зомбылық белгілеріне қарамастан, тиісті медициналық көмек көрсетпеген.
Осы уақытта күйеуі ауруханаға келіп, әйелін видеоға түсіріп, оны ұрмағанын айтуды талап еткен. 1 ақпан күні Шахнозаның жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылды. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Марқұмның артында үш баласы қалды. Ал оның күйеуі әлі де бостандықта жүр. Туыстары тергеу амалдарының әділ жүргізілмей жатқанын айтып, шағымданды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді