6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова былтыр жаз бойы басы қатты ауырғаннан ем таппай, ауруханадан көз ашпаған күндерін еске алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылы жаз бойы ауруханадан көз ашпадым. Басым қысып ауыратыны сонша, тыныс алудың өзі азап болатын. Дәрігерлер себебін таппай менімен бірге әбден қиналды. Басымды талай тексерістен өткіздік. Тауға да, тасқа да ұрдым деген осы шығар, - деп жазды Instagram парақшасында.
Ол басына түскен қиындықтар мұнымен бітпегенін айтып, жұмыстан кету себебіне қатысты ағынан жарылды.
Былтыр сот мәселесі әбден қажытып, жұмыстан қол үздім. Ең алдымен «Хабар» арнасындағы «Оян» бағдарламасынан кеттім. Соңғы күндері көңілімді бағып, алаңдап екі ұл жұмысыма бірге келетін болды. Эфирде көрерменді алдай алмайсың. Сол себепті өз еркіммен жұмыстан кету үшін арыз бердім, - деп жазды Жұлдыз.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі