30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҮкіметтің баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрі осы қайғылы оқиғаға байланысты медициналық мекемелерге кең ауқымды тексеру басталғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еске сала кетейік, Шу қаласында аяғы ауыр келіншектің мәйіті аурухананың жертөлесінен табылып, бұл қайғылы оқиға жергілікті тұрғындар мен әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырған болатын.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова аталған жағдайға байланысты республикалық комиссия жіберілгенін хабарлаған еді.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Бұл жағдай бойынша Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізілді. Қазіргі таңда аурухананың бас дәрігері қызметінен шеттетілді. Біз өз тарапымыздан қандай деңгейде және қандай кемшіліктер жіберілгенін анықтадық. Алайда құқық қорғау органдарының тергеу амалдары толық аяқталмағандықтан, нақты қорытынды жарияланбады. Қылмыстық іс аяқталғанға дейін қосымша мәлімет бере алмаймыз, — деді Ақмарал Әлназарова.
Сонымен қатар министр барлық деңгейдегі медициналық қызмет сапасына сараптама жүргізілгенін атап өтті. Осы жұмыстың нәтижесінде Жамбыл облысындағы жүкті әйелдерге көмек көрсететін 26 емдеу мекемесінде тексеру жұмыстары басталған.
Тексеру аясында босанған әйелдің аудандық ауруханасындағы перзентхана бөлімшесі жабылды, — деп толықтырды министр.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды