7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?
Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының бірінші кездесуі өтті, — деп хабарлайды El.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Іс-шара барысында энергетика, көлік, азық-түлік қауіпсіздігі, терроризм қатеріне қарсы іс-қимыл және өңірлік қауіпсіздіктің басқа да өзекті мәселелері талқыланып, оны нығайтудың ықтимал шаралары қарастырылды.
Кездесуде ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Қазақстанның өңірлік қауіпсіздік саласындағы негізгі проблемаларды шешуге қатысты ұжымдық тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған көпвекторлы сыртқы саясатты жүзеге асыратынын атап өтті.
Еліміз халықаралық энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қосатын үлесін арттырып, өнімінің негізгі түрлерін жеткізуде олқылықтарға жол бермеу мақсатымен халықаралық көліктік-логистикалық бағыттарды дамыту жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.
Терроризм мен экстремизмнің, соның ішінде ауған аумағынан таралуы өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін тәуекел-қатерлердің бірі болып қала береді. Осыған байланысты жиында Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалпына келтіруге және осы елдегі жағдайды тез арада реттеуге ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында делегациялардың басшыларын Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қабылдады. Түркия Республикасының Президенті құрлықтағы геосаяси қатерлердің шиеленісуі жағдайында жаңа интеграциялық тетіктерді қалыптастырудың маңызды екенін атап өтіп, Түркі мемлекеттері ұйымының барлық қатысушыларымен арадағы өзара қарым-қатынастың оң қарқынына тоқталды.
Сондай-ақ, іс-шара аясында Қауіпсіздік Кеңестерінің хатшылары Түркияның Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық барлау ұйымының басшылығымен кездесті, Түрік мемлекеттік аэроғарыш компаниясына барды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?