Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАуғанстанда Instagram, Facebook және Snapchat әлеуметтік желілеріне кіруге шектеу қойылды. Бұл мәліметті NetBlocks интернетті бақылау қызметі растаған, деп жазады El.kz интернет порталы.
Деректерге сәйкес, Instagram, Facebook және Snapchat әлеуметтік желілеріне қолжетімділік Ауғанстандағы бірнеше интернет-провайдер арқылы шектелген. Бұл жағдай өткен аптадағы телекоммуникацияның ішінара өшірілуінен кейін болды, – делінген NetBlocks хабарламасында (X әлеуметтік желісінде жарияланған).
Еске сала кетейік, 29 қыркүйекте NetBlocks Ауғанстанда интернеттің толық өшірілгенін хабарлаған болатын. Бұл шешім талибандардың «қоғамдық мораль мен әдепті сақтау шараларының» бір бөлігі ретінде қабылданғаны айтылған.
Бір күннен кейін, 30 қыркүйекте, Ауғанстандағы БҰҰ миссиясы елдегі 43 миллионнан астам адам ғаламторсыз қалғанын мәлімдеді. Интернеттің үзілуі қаржы, банк, денсаулық сақтау және өзге де өмірлік маңызды салаларға әсер еткен.
Арада бірнеше сағат өткен соң, Ауғанстан билігіндегі «Талибан» қозғалысы интернетке жалпыұлттық тыйым салынды деген мәлімдемелерді жоққа шығарды. Олар желінің істен шығуын елдегі тозған инфрақұрылыммен байланыстырған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары