Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАуғанстандағы «Талибан» үкіметі Пәкістан әскеріне елдің солтүстігіндегі таулы өңірлерде соққы бергенін растады. Құрбандардың нақты саны әзірге белгісіз. Талибан өкілдері бұл әрекетті «жауап операциясы» деп атап, Пәкістан әуе күштері бұған дейін Ауғанстан аумағындағы базарды бомбалағанын мәлімдеді, деп жазады El.kz интернет порталы.
Өз кезегінде Пәкістанның ішкі істер министрі Мохсин Накви бұл шабуылды «еш себепсіз жасалған әрекет» деп сипаттап, ауған әскерін бейбіт тұрғындарға оқ атқан деп айыптады. Ол Исламабадтың бұл жағдайға жауап беретінін ескертті.
Пәкістан тарапы Кабулды ел аумағында террорлық топтарға баспана беріп отыр деп кінәлайды, ал Талибан бұл айыптауларды теріске шығарды.
BBC дерегінше, екі жақ та Пәкістанның Куррам округінде атыс қаруы мен артиллерия қолданған. Қақтығыс Ауғанстан сыртқы істер министрінің Үндістанға тарихи сапары кезінде өршіген. Сарапшылар мұны аймақтағы саяси және әскери шиеленістің жаңа кезеңі деп бағалап отыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары