Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматы әуежайында қолына пышақ алып, қызметкерді кепілге алған ер адамды ұстау сәтінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кадрдан қарағанда, қаскөйді қоңыр түсті жейде киген ер адам қарусыздандырған. Ол қолына пышақ ұстап тұрған адамды әңгімеге айналдырып, оңтайлы сәтте қолындағы қаруын тартып алған. Сонан соң оны тәртіп сақшылары ұстап алды.
Полицияның дерегінше, қоңыр түсті жейде киген ер адам жолаушыны әуежайға шығарып салуға келген екен.
Ал шабуыл жасаған адам – 67 жастағы Алматы қаласының тұрғыны.
Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек