Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБүгін, 7 сәуір күні, Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған ер адамға қатысты отырысы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында 67 жастағы алматылық Машрапбек Баратовқа қатысты сот процесі басталды. Естеріңізде болса, күдікті 7 наурыз күні Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алып, пышақпен қорқытқан еді. Бұдан бөлек ол рюкзагында бомба барын айтқан.
Сотталушы тағылған айыппен келісіп, кінәсін толық мойындады.
Бұл жайтқа байланысты үш қылмыстық іс қозғалды.
Кепілге алу (ҚР ҚК-нің 261-бабы 2-бөлігі 4-тармағы) - мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы.
Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық (ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі) - 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚР ҚК-нің 273-бабы) - 5 000 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек