22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЖаңа Зеландияның Air New Zealand әуе компаниясы алыс қашықтыққа ұшатын рейстерге арналған ерекше жобаны ұсынды.
Skynest деп аталатын жоба жолаушыларға ұшақ ішінде арнайы ұйықтау капсулаларын пайдалануға мүмкіндік береді.
Жаңа қызмет алғаш рет қараша айында іске қосылады. Оны Окленд пен Нью-Йорк арасындағы 17 сағатқа созылатын ұзақ рейстерде қолдануға болады. Ал броньдау 18 мамырдан бастап ашылады.
Ұшақ ішіндегі «шағын қонақ үй»
Skynest – екі қабатты төсекпен жабдықталған шағын ұйықтау капсулалары. Әр орын жолаушының жайлылығы үшін қажеттінің барлығымен қамтылған:
Алты капсуланың барлығы жаңа Boeing 787-9 Dreamliner ұшағының дәліз бөлігіне орналастырылады.
Қосымша қызмет ретінде ұсынылады
Бұл қызмет негізгі билетке кірмейді. Жолаушылар әдеттегідей орын сатып алып, Skynest-ті қосымша ақыға пайдалана алады.
Төрт сағаттық демалыс сеансының бағасы шамамен 495 жаңа зеландиялық доллар (шамамен 139 мың теңге). Әр жолаушы рейс барысында капсуланы тек бір рет пайдалана алады.
Шектеулер де бар
Әуе компаниясы нақты талаптар да енгізген:
Сондай-ақ жолаушыларға хош иісті әтірді шамадан тыс қолданбау ұсынылады.
Әркімге ваниль мен сандал иісі ұнай бермейді, – деп ескертті компания өкілдері.
Ал қорылға қатысты талап жеңілдеу, себебі ол табиғи жайт деп қабылданады. Дегенмен жолаушылардың барлығы алдын ала беруши беріледі.
Компанияның бас директоры Никхил Равишанкар бұл бастаманың маңызын атап өтті:
Жаңа Зеландия сияқты шалғай ел үшін ұзақ рейстердегі жайлылық аса маңызды. Жолаушының рейстегі сапары неғұрлым жайлы өтсе, соғұрлым саяхаттауға уақыты көбірек болады, – деді ол.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев