7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Аризонаның Марана аймақтық әуежайы үстінде болған ұшақтардың соқтығысуы салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесінің (NTSB) мәліметінше, қайғылы оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы 8:29-да орын алды. Олар әуежайдағы екі ұшу-қону жолағының бірі – 12-жолаққа қону барысында соқтығысқан.
Соқтығыстан кейін ұшақтардың бірі жерге құлап, толығымен жанып кеткен. Қираған ұшақтан тек металл сынықтары мен күл үйіндісі ғана қалған. Екінші ұшақ қонғанымен, оның зақымдану деңгейі әлі нақтыланбады. Оқиға орнынан түсірілген кадрларда әуежай үстінде қою қара түтіннің көтерілгені және төтенше жағдай қызметтерінің апат орнына асығып жеткені көрінеді.
АҚШ-тың Азаматтық авиация федералды басқармасы (FAA) хабарлағандай, әр ұшақта екі адамнан болған. Екі адам оқиға орнында қаза тапқан, ал басқаларының жағдайы әзірге белгісіз.
Қазіргі уақытта NTSB және FAA өкілдері оқиғаның себептерін анықтау жұмыстарын жүргізуде. Сарапшылар ұшақтардың қара жәшіктерін және соқтығысудан бұрын пилоттардың жүргізген радиоәңігмесін талдайды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?