Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты терроризм актісі туралы жалған хабарлаған азаматты 3 жылға соттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, бұл азамат биыл қаңтар айында мас үкйінде «FlyArystan» компаниясының Астана-Өскемен бағытындағы рейсіне мініп, төбелес шығарған. Ұшақтың бортсерігін және ұшақтағы тағы бір жолаушы ұрып, екеуін жаралаған. Бұдан өзге ұшақтың ішінде бомба барын айтып, дауыс көтерген. Оның осы мәлімдемесіне байланысты компания мен полиция 153 адамды ұшақтан түсіруге мәжбүр болған. Бұл өз кезегінде қалалық полиция департаменті мен әуе компаниясына шығын келтірген.
Сотта ол кінәсін толық мойындаған. Жәбір көргендер мен куәгерлер айғақ айтқан, сарапшылар тиісті сараптама қорытындыларын ұсынған. Прокурор оны үш жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот азаматтың мастығын оның жазасын ауырлататын мән-жай деп тапқан.
Сот қылмыстық істің мән-жайын, ауырлататын мән-жайды ескере отырыпоны Қылмыстық кодекстің 273-бабы және 293-бабы 2-бөлігінің 4) тармағы бойынша кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары