Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖылу энергетикасы саласының маңызды проблемаларының бірі - өндірістік персоналға еңбекақы төлеудің төмен деңгейі және білікті кадрлардың кетуі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Жоғары аудиторлық палатасының басшысы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде мердігерлердің шарттық міндеттемелерді сапасыз жобалауы және тиісінше орындамауы - жылу энергетикалық кешеннің дамуын тежейді.
Объектілерді салу кезінде дұрыс емес жобалық шешімдер мен инженерлік кемшіліктердің орын алуына байланысты осы уақытқа дейін Астана қаласында ЖЭО-3, Арқалық қаласында ЖЭО және Ақсу қаласында қазандық салу жобалары аяқталған жоқ, бұл инженер- жобалаушылар мен мердігерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Мәселен, Астана қаласында ЖЭО-3 құрылысы 2011 жылдан бастап іске асырылып жатыр. Орындалған жұмыстардың қабылданған актілеріне сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыстар 64%-ға жүзеге асырылған. Жоба 35,2 миллиард теңгеге немесе 40,6%-ға қымбаттаған.Одан әрі 53,4 миллиард теңгеге қымбаттауы күтіліп отыр, - дейді Годунова.
Оның айтуынша, Арқалық қаласында ЖЭО құрылысы бойынша іске асырылған және құжатпен пайдалануға берілген жоба объектілерді жобалау және салу кезіндегі инженерлік кемшіліктерге байланысты жұмыс істемейді.
Жеке меншік табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуды өткізу процесінде бір көзден сатып алу тәсілінің жоғары үлесі (орта есеппен 70%), аффилирленген компаниялардан тауарлар мен қызметтерді сатып алу (27% дейін) және сатып алуға қатысуға мүдделілігінің болмауына байланысты әлеуетті өнім берушілер арасындағы бәсекелестіктің төмендігі орын алған, - дейді Годунова.
Барлық анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтар бойынша Үкіметке жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту, заңнаманы жетілдіру, монополистердің қызметтеріне тарифтерді мемлекеттік реттеу бөлігінде тиісті ұсынымдар берілген.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?