12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікAudi компаниясы жаңа гибридті суперкар – Nuvolari моделінің АҚШ нарығындағы бастапқы бағасын жариялады.
Көлік құны кемінде 700 мың доллардан басталады. Алайда сатып алушы қосымша жабдықтар мен жеке дизайн нұсқаларын таңдаса, баға бұдан да қымбаттауы мүмкін.
Nuvolari-дің сыртқы келбетін талғамға сай өзгертуге мүмкіндік мол. Көлік шанағын бояудың 60-тан астам түрі ұсынылады. Оның ішінде 50-ден астам жылтыр және 10 күңгірт реңк бар. Сондай-ақ сатып алушылар карбоннан жасалған, сырты толық ашық үлгіні және тежегіш суппорттарына арналған 13 түстің бірін таңдай алады.
Салонды безендіру нұсқалары да аз емес. Ішкі әрлеуге арналған 30 түрлі түс, Audi Exclusive топтамасындағы материалдар, үш негізгі безендіру үлгісі және 33 түрлі былғары ұсынылады. Бұған қоса, қауіпсіздік белдіктерінің 12 түсі мен ауыстырып-қосқыштардың екі реңкін таңдауға болады.
987 ат күші бар гибридті қозғалтқыш
Audi Nuvolari-дің гибридті күштік қондырғысы 987 ат күшіне дейін қуат өндіреді. Жүйе 789 ат күші бар 4 литрлік қос турбиналы V8 қозғалтқышынан және үш электр моторынан тұрады. Оның екеуі алдыңғы оське, тағы бірі артқы оське орнатылған.
Компания есебінше, суперкар сағатына 100 шақырым жылдамдықты небәрі 2,6 секундта еңсереді. Ал ең жоғары жылдамдығы сағатына 350 шақырымнан асады. Осы көрсеткіштері арқылы Nuvolari Audi тарихындағы ең қуатты әрі ең жылдам сериялық автокөлік атанбақ.
Бар болғаны 499 дана шығарылады
Audi Nuvolari көліктерін америкалық тұтынушыларға 2028 жылдың алғашқы жартысында жеткізуді жоспарлап отыр. Компания бұл модельдің бар болғаны 499 данасын шығармақ.
Айта кетейік, бұған дейін Audi көлік салонындағы экрандар санын азайтып, дәстүрлі физикалық батырмаларды қайта енгізу туралы шешім қабылдаған еді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер