23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚоғам қайраткері, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, аудармашы Ахмет Баржақсиннің туғанына — 130 жыл, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаламгер қазақтың 1710 мақал-мәтелін жинап, соны іріктеп 1915 жылы тұңғыш рет «Мың бір мақал» кітабын қазақ-орыс тілдерінде жарыққа шығарды.
Сондай-ақ оқу-ағарту, мәдениет мәселелері, әйел теңдігі жайлы мақалалары мен әңгімелері «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа», «Үш жүз» газеттерінде, «Айқап» журналында басылды.
Ол аудармашылықпен, ауыз әдебиетін жинаумен айналысты. Л.Толстойдың бірнеше әңгімесін қазақшаға аударып, «Айқап» журналында жариялады.
«Ертерек білсең жасырма» атты мақаласы Орыс географиялық қоғамының «Жазбаларында» жарық көрді. 1927 жылы «Елге шаруа кооперативі ісінің қайсысы қолайлы?», «Тұтыну дүкенінің ісін қалай жүргізу керек?» деген кітапшалары жарық көрді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады