Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЖетісу облысында кәмелетке толмаған балаға жыныстық сипаттағы зорлық жасады деген күдікке ілінген азамат қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес күдікке ілінген азамат – Amanat партиясының Жетісу облысы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы төрағасы.
Партияның облыстық филиалы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Биыл тамыз айының басынан бастап Жетісу облысы бойынша партия филиалдарының жұмыс істеп жүрген қызметкерлерінің ешқайсысы қандай да бір қылмыстық іс бойынша жауапкершілікке тартылған жоқ. Ал Жетісу облысы "Аманат" партиясы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысы биылғы жылдың 1 тамызында өтініш негізінде жұмыстан шықты, - деді партия облыстық филиалының баспасөз хатшысы қымбат Сейдахмет.
Ақсу ауданының полиция бөлімі кәмелетке толмағанды жыныстық сипаттағы зорлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.
Басқа деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?