18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов Қазақстан Республикасының аудандары мен облыстық маңызы бар қалаларының әкімдері сайлауына қатысатын кандидаттарға қойылатын талаптарды атады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Шавкат Өтемісовтың айтуынша, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін әкімдікке кандидат тиісті аумақтық сайлау комиссиясына тізбесі бірлескен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істер агенттігі төрағасының бұйрығымен және Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен белгіленген құжаттарды ұсынады.
Олар:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі кандидатының қызметтік тізімі;
Еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;
Білім беру туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмесі.
Заңнамадағы талаптарға сәйкес, әкімді тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің халқы жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 25 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан лауазымға сайлайды. Конституция негізінде сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлануға қатысуға құқығы жоқ, - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.
Сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов та аудан әкімі лауазымына қойылатын талаптарға тоқтала кетті.
Мемлекеттік саяси лауазымдарына талаптар білімі, құзіреттер мен жұмыс тәжірибесі бойынша қойылады. Бұл лауазымдарға орналасу үшін кандидаттардың жоғары білімі болуы тиіс, - деді ол.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр