Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді«ҚазАвтоЖол» қолайсыз ауа райына байланысты бес өңірде жолдар жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысы
«Екатеринбург-Алматы» автожолының Атбасар қаласынан Жалтыр ауылына дейін аралығы;
«РФ шекарасы – Алматы» автожолының Қарағанды облысы шекарасынан Жібек Жолы ауылына дейінгі аралығы;
«Астана-Петропавл» автожолының Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін аралығы;
«Көкшетау-Атбасар» автожолының Зеренді ауылынан Атбасар қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысы шектеледі.
Қостанай облысы
«Жезқазған-Петропавл» автожолының Арқалықтан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығында барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді.
Қарағанды облысы
«РФ шекарасы – Алматы» автожолының Ақмола облысының шекарасынан Теміртау қаласына дейінгі аралығында көлік қозғалысы шектелді.
Ақтөбе облысы
«Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының Шалқар қаласынан М-32 және А-26 жол айырығына дейінгі аралығы;
«Самара-Шымкент» автожолының Қарабұтақ ауылынан М-32 және А-26 жол айырығына дейінгі аралығы;
«Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы» автожолының «ЭкоОйл» жанарма стансасынан «Лидер» жанармай стансасына дейін аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Жамбыл облысы
«Алматы-Ташкент-Термез» автожолының Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығында жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды.
Түркістан облысы
«Алматы-Ташкент-Термез» автожолының Жамбыл облысының шекарасынан Т.Рысқұлов ауылына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?