Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі1 желтоқсан сағат 19:00-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты үш облыстағы республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұндай хабарламаны "ҚазАвтоЖол" компаниясы таратты. Атап айтар болсақ:
Қарағанды облысы:
1. "Қызылорда-Павлодар" автожолының 788-906 шақырым аралығы, Ұлытау облысының шекарасы - Топар ауылы;
2. "Қызылорда-Павлодар" автожолының 970-1135 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы;
3. "Қарағанды-Аягөз-Боғаз" автожолының 17-217 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы - Қарқаралы қаласы.
Ұлытау облысы:
1. "Қызылорда-Павлодар" автожолының 756-788 шақырым аралығы, Жаңаарқа ауылы - Қарағанды облысының шекарасы.
Павлодар облысы:
1. Қызылорда-Павлодар" автожолының 1135-1206 шақырым аралығы, Қарағанды облысының шекарасы - Шідерті ауылы.
аталған трассаларды 2 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс