12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 30 қараша күні Қазақстанның бірнеше облысындағы автомобиль жолдарындағы жағдай туралы ақпарат берді. Қазіргі уақытта үш облыста бұрын енгізілген қозғалыс шектеулері әлі де сақталуда, ал бір облыста жылдамдық режимі өзгертілген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ақмола облысында жылдамдық режимі төмендетілді
29 қарашаға қараған түні Ақмола облысында ауа райының нашарлауына, атап айтқанда, ауа температурасының төмендеуіне, көктайғаққа және қарға байланысты шектеу енгізілді.
Жол: Республикалық маңызы бар «KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жолмен) – Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы» (Жаңа Жол өткізу пункті)
Учаске: 19-дан 231 шақырымға дейін
Шектеу: Көліктің барлық түрі үшін жылдамдық режимі 140-тан 110 км/сағ-қа дейін төмендетілді.
Жылдамдық режимі ауа райы тұрақталған және қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етілген жағдайда қайта қалпына келтіріледі деп жоспарланған.
Үш облыстағы шектеулер
Бұған дейін енгізілген қозғалыс шектеулері келесі үш облыста күшінде қалбыды:
1. Солтүстік Қазақстан облысы: Ауа райының нашарлауына (қардың көп түсуі) және жүк көліктерінің қарқынды қозғалысына байланысты «Тимирязево – Сарыкөл – облыс шекарасы» автожолының 0-30 шақырымында (Қостанай облысының шекарасы – Тимирязево ауылы) тек жүк және қоғамдық көлік құралдары үшін шектеу енгізілді.
2. Шығыс Қазақстан облысы: Ауа райының күрделі таулы жағдайларына байланысты Осиновский асуында шектеу бар.
Жол: «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахманов қайнары»
Шектеу: Жолдың 46-66 шақырымында (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктерінің қозғалысы шектелген. Бұл шектеу қысқы кезең аяқталғанға дейін күшінде болады.
3. Павлодар облысы: «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жол айрығының өту құрылымының жиектері зақымдануына байланысты шектеу енгізілген.
Шектеу: «Қалқаман» жол айрығының – Қалқаман кентіне кіретін және Астана бағытына шығатын бөлігі толығымен жабық.
Баламалы жол: Астана бағытына қозғалыс «Береке» арқылы («Қалқаман-Ақсу») жүзеге асырылады. Павлодар қаласынан Қалқаманға кіру «Баянауыл» арқылы болады.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/271971-aua-raiyna-bailanysty-us-oblysta-zol-zabyldy
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер