2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр5 наурызда күн райының бұзылуына байланысты елдің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Облыстың солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп болжанды.
Астана қаласында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.
Абай облысында – жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, батысы мен орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 25 м/с артады.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде 6 наурызда өңірдің оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, таулы аудандарда жаңбыр мен қар, тұман болжанады. Күндіз 5 наурызда облыстың оңтүстігінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Өңірдің солтүстігі мен батысында көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 23 м/с жетуі мүмкін.
Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ұлытау облысының оңтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігі мен орталығында көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыс бағыттан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Шымкент қаласында таңертең және күндіз кей уақытта найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.
Жетісу облысының оңтүстігінде,таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с жетеді.
Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Сондай-ақ жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 23 м/с артады деп күтілуде.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова