Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлжирлік боксшы Иман Хелиф World Boxing ұйымы турнирлерінен шеттетілуіне байланысты Халықаралық спорттық арбитраж сотына (CAS) апелляция берді. Бұл туралы CAS-тың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
2024 жылдың мамыр айында World Boxing боксшыларға жарыстарға қатысу үшін міндетті түрде гендерлік тестілеуден өту талабын енгізген болатын. Ұйым Хелифтің әйелдер санатында өнер көрсетуіне рұқсат бермеді.
Айта кетейік, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында Хелиф үлкен даудың ортасында қалды. Ол жарысқа қатыстырылғанымен, Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) спортшының гендерлік тестілеуден өте алмағанын мәлімдеген еді. Ал Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) IBA зерттеуін мойындамай, Хелифтің әйел екенін алға тартты.
Нәтижесінде Хелиф 66 кг салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, Олимпиада чемпионы атанды. Алайда кейін француз журналисі Джаффар Айт Аудиа оның гендерлік тест қорытындыларын жария етті.
МРТ нәтижесі Хелифтің жатырсыз екенін және ішкі аталық бездерінің барын көрсетті;
Сонымен қатар гормондық талдау оның ер адамдардағыдай тестостерон деңгейін тіркеді.
Осыдан кейін спортшы IBA-ға қарсы сотқа жүгінді. Өз кезегінде ұйым да ХОК шешімін заңсыз деп танып, сотқа берген. ХОК Париж Олимпиадасында Хелиф пен Линь Юйтинді жарысқа қатыстыруға рұқсат берген болатын, ал олар 2023 жылғы әлем чемпионатында гендерлік тестілеуден өте алмай, жарыстан шеттетілген.
Еске салайық, 2024 жылдың ақпанында ХОК World Boxing-ті әлемдік деңгейдегі бокс федерациясы ретінде таныды, ал наурыздағы сессиясында бұл ұйымды 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары