7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қайырымдылыққа жиналған миллиардтаған қаржыны жымқырды деп айыпталып жатқан Перизат Қайраттың алдын ала сот тыңдауы басталды. Блогер журналистерге «тергеу изоляторы қызметкерлері тарапынан соққыға жығылдым» деген мәлімдеме жасаған. Бұл мәліметке байланысты Астана қаласы полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
9 маусым күні тергеудегі Перизат Қайрат прокуратура органдарына арыз түсіріп, мекеме қызметкері камера есігін күштеп жапқан кезде оны есік арасына қысып, дене жарақатын келтіргенін мәлімдеген. Аталған арыз бойынша жинақталған материалдар Астана қаласы Полиция департаментіне жолданып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу аясында мекеменің бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, қызметкерлер мен куәлардан жауап алынды, - делінген полиция ақпаратында.
Полиция департаменті тергеу изоляторында ешқандай күш көрсетілмегеніне дәлел ретінде видео жариялады.
Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша Перизат Қайрат мәлімдегендей, камера есігін жабу кезінде мекеме қызметкерлерінің оған дене жарақатын келтіруі туралы сөздері расталмайды. Бұған Перизат Қайрат өз арызында көрсеткен оқиға сәтіндегі бейнебақылау жазбасы дәлел болып отыр. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Перизат Қайрат алдын ала өткен сот тыңдауында тергеушілер өзін ұрып-соққанын айтқан еді.
Мен моральдық тұрғыдан әбден шаршадым, айналамда осыншама резонанс. Мені тергеу изоляторының қызметкерлері ұрғанын енді ашық айта аламын. Астана қаласының прокуратурасында қылмыстық іс қозғалды. Қазір жағдайым жақсы, - деді Перизат Қайрат.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?