23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Атыраудағы теміржол вокзалында 30 жастағы азаматшадан діни мазмұндағы 80 кітап тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында осы қаланың 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру барысында одан діни мазмұндағы 80 кітап табылып, тәркіленді.
Көлік полицейлері аталаған азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағымен әкімшілік хаттама толтырып, сотқа жолдады.
Атырау қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК (172 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Тәртіп сақшылары ҚР “Діни қызметтер және діни бірлестіктер туралы” заңына сәйкес, діни әдебиеттерді, діни сипаттағы материалдар мен заттарды тарату тек діни рәсімдік ғимараттарда, діни білім мекемелерінде және жергілікті атқарушы органдармен бекітілген арнайы стационарлық орындарда ғана жүзеге асырылатындығын ескертеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік