6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӨрттен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
5 мамыр күні сағат 19:32 шамасында Атыраулық полиция қызметкерлеріне 101 Өрт сөндіру арнасынан қала аумағында орналасқан көпқабатты пәтерлердің жоғарғы шатыры өртеніп жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.
Аталған хабарлама бойынша полиция майоры Қуаныш Бозақаев пен полиция капитаны Ерлан Мырзагереев аталған мекен-жайға 4 минутта жеткен.
Кейін 9 қабатқа пәтер иесімен бірге жедел түрде көтеріліп, тұрғындарды эвакуациялауға кедергі келтіріп қалың қара түтін будақтап жатқан өртті өшіруге кіріскен. Өйткені, шатырдан шыққан өрт жоғары қабаттағы пәтерлердің қылтимасына өтіп пәтерлер өртене бастаған. Қос полицей қауіптің алдын алуға әрекеттеніп, дер кезінде пәтердің өртін ауыздықтап 25 тұрғынды эвакуациялап, қауіпсіз жерге шығарды.
Көп қабатты үйдің шатырындағы тілсіз жауды өрт сөндірушілер 1 сағат ішінде толық ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі