29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАтырауда тәртіп сақшысы жанармай бекетінде өртенген көлікті дер кезінде сөндіріп, жарылыстың алдын алды. Оқиға бүгін 7 қаңтарда таңғы сағат 10:20 шамасында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкері Данияр Жәрдемғали түнгі ауысымнан кейін үйіне қайтып бара жатқан сәтте жанар-жағармай бекетінде Nissan автокөлігінің отқа оранғанын байқап қалған. Еш ойланбастан дереу әрекет етуге көшкен тәртіп сақшысы оттың жанармай бекетіне таралуын болдырмау үшін көлікті қауіпсіз жерге қарай сүйреп жеткізген. Кейін өрт сөндіру құралын пайдаланып, жалынды ауыздықтаған.
Полиция қызметкерінің шұғыл әрекетінің арқасында өрт сөндірушілер келгенге дейін жалын тез арада сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Кейін әлеуметтік желілерде автокөлік иесінің қауіптің алдын алып, өртті сөндірген полицейге алғыс білдірген видеосы тарады,-делінген ведомство мәліметінде.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек