Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАтырау мектеп оқушылары көру қабілеті шектеулі адамдарға арналған «ақылды көзілдірікпен» әлемдегі ең үздік 100 жобаның қатарына енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары Хайдар Атағұлла мен Қайырхан Лұқпановтың «Ақылды көзілдірік» жобасы 2024 жылғы 100 Rise Global Winners тізіміне енді. Бұған дейін жоба Jasscience-2024 байқауында жеңіске жетіп, Хайдар Атағұлла кез келген университетте тегін оқу мүмкіндігіне ие болды.
«Ақылды көзілдірік» қалай жұмыс істейді?
RikaAI жасанды интеллекті негізінде жасалған бұл құрылғы интуитивті басқаруды ұсынады және құлаққап арқылы дауыстық пәрмендермен әрекеттеседі.
Функционалы:
- ChatGPT немесе Wikipedia секілді сұрақтарға жауап беру;
- Мәтінді сканерлеу және оқу арқылы күнделікті тапсырмаларды жеңілдету;
- Көру қабілеті шектеулі адамдарды құлаудан қорғау үшін кедергілерді анықтау;
- Бөлмеде бағдарлануға көмектесу үшін қоршаған ортаны сипаттау.
«Ақылды көзілдірік» қазақстандық мектеп оқушыларының мүмкіндіктерін көрсетіп қана қоймай, ғылым мен техниканың алдағы жетістіктеріне шабыттандырады.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды