Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтыраулық бастауыш сынып мұғалімі «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінде біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, үздік нәтиже көрсеткені үшін Дубайға жолдама ұтып алды. Бұл туралы “Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебіндегі «Талант» бөлімінің басшысы Руслан Сарбалин айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйенсек, биыл оқу жылында Атырау облысынан 100-ден аса ұстаз «Зерделі» мектебінде кәсіби білімін арттырған. Оның ішінде Мақат ауданындағы №2 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нұргүл Аюпова да бар. Ол екі жыл бойы “Зерделі” мектебі ұйымдастырған курстарға тұрақты қатысып, үздік нәтиже көрсеткен. Нұргүл Аюпова оқушыларын пәндік олимпиадалар мен математикалық челлендждерге дайындап, ауыл мектебінің білім сапасын көтеруге айтарлықтай үлес қосып келеді.
«Зерделі» мектебі жыл сайын үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарды ынталандыру мақсатында шетелге жолдама ұсынады. Биыл бұл марапатқа Қазақстан бойынша төрт мұғалім лайық деп танылды. Солардың бірі – атыраулық Нұргүл Аюпова, – деді Руслан Сарбалин.
Айта кетейік, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі – республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын даярлайтын білім беру орталығы. Мұнда ұстаздар мен оқушылар белгілі математик, авторлық әдістеменің негізін қалаушы Ырысбек Мәуіттің бағдарламасымен білім алады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?