30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАтырау облысында алғаш рет мозаикалық хондропластика, яғни науқастың өз шеміршек және сүйек тіндерін пайдалана отырып тізе буынын қалпына келтіру отасы сәтті өтті. Бұл бұрын-соңды біздің өңірде жасалмаған күрделі әрі жоғары технологиялы ота, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл әдіс тізе буынындағы ауыр жарақаттар мен шеміршек зақымдарын емдеудің тиімді жолы саналады. Ота кезінде дәрігерлер науқастың денесінен арнайы цилиндр пішініндегі шеміршек пен сүйек бөліктерін алып, зақымданған жерге дәл орналастырады. Нәтижесінде буын бетін қалпына келтіріп, оның табиғи қимылын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Осылайша, шеміршек беті “мозаика” секілді жиналады.
Бұл - өте нәзік, дәлдікті талап ететін жоғары кәсіби шеберліктің көрінісі. Атыраулық дәрігерлер бұл отаны сәтті орындап, медицинадағы тағы бір жаңа белесті бағындырды.
Мұндай жаңалық - тек науқастар үшін емес, бүкіл өңір үшін үлкен жетістік. Бұл — біздің медицина саласының қарқынды дамып келе жатқанының дәлелі.
Атырауда енді осындай күрделі оталар жасалатыны – өңір тұрғындары үшін зор мүмкіндік. Ем іздеп алысқа сабылмай-ақ, жоғары технологияны өз қаламызда алу - үлкен жетістік.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды