6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАтырау облысында алғаш рет мозаикалық хондропластика, яғни науқастың өз шеміршек және сүйек тіндерін пайдалана отырып тізе буынын қалпына келтіру отасы сәтті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ДСМ мәліметінше, мұндай операция өңірде бұрын-соңды жасалмаған.
Бұл әдіс тізе буынындағы ауыр жарақаттар мен шеміршек зақымдарын емдеудің тиімді жолы саналады. Ота кезінде дәрігерлер науқастың денесінен арнайы цилиндр пішініндегі шеміршек пен сүйек бөліктерін алып, зақымданған жерге дәл орналастырады. Нәтижесінде буын бетін қалпына келтіріп, оның табиғи қимылын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Осылайша, шеміршек беті «мозаика» секілді жиналады, - делінген мәліметте.
Атыраулық дәрігерлер бұл операцияны сәтті орындап, медицинадағы тағы бір жаңа белесті бағындырды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі