6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерОның ішінде тасқыннан зардап шеккен құлсарылық отбасылардан 85 бала бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай ақ, су тасқыны болған Қызылқоға ауданынан 58, Махамбет ауданынан 101 оқушы демалысқа барады.
Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Аманшиева Түркістан облысындағы “Delve camp” балалар демалыс лагерінің өкілі Шоқан Қайырғалиұлымен кездесті.
Лагер басшылығы Атырау облысының 10-14 жас аралығындағы әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларынан шыққан, оқуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген және мектеп өміріне белсене араласатын 700 балаға 5 кезеңмен тегін демалуына мүмкіндік жасап отыр - деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.
Шоқан Қайырғалиұлының айтуынша, жазғы лагерде балалардың толыққанды тынығып, ағылшын тілін меңгеруіне барлық жағдайлар жасалған. Ең бастысы қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауға алынған.
Балалардың алғашқы легі 28 мамырда демалысқа аттанады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі