Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАтыраудың бес жасар дирижері Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хатына ие болды. Оны облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Басқарма басшысы бес жасар Ясина Нәбен және оның ата-анасымен жүздесті. Марат Әбуов бүлдіршіннің өнеріне ыстық ықыласын білдіріп, оның шығармашылығын әрі қарай дамыту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Алғыс хатын оқып берді.
Айта кетейік, бұған дейін кішкентай дирижердің видеосы әлеуметтік желіде кең тарап, көптің ықыласына бөленген еді.
Ясина Нәбен – Исатай ауданындағы «Құлыншақ» бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушісі. Ол үш жасынан бастап музыкаға қызығушылық танытып келеді.
Бүлдіршіннің анасы қызының өнерге ерте жақын болғанын айтып, бала күнінен Шәмші Қалдаяқовтың әндерін караокемен орындайтынын жеткізді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі