6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАтырау облысының 283 оқушысы Ресей Федерациясының Железноводск қаласындағы «Қазақстан геологі» емдеу пансионатына демалуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, балалар демалыс барысында бір мезгіл медициналық тексерістен өтіп, кәсіби мамандардың бақылауымен емдік-сауықтыру шараларын қабылдайды. Сонымен қатар түрлі танымдық бағдарлама мен спорттық сайыстарға қатысып, Кавказдың әйгілі бес қаласының мәдениетімен танысу мүмкіндігіне ие болмақ.
Пансионат инфрақұрылымы барлық талапқа сай. Мұнда арнайы емдік корпустар, 250 орындық асхана, балаларға арналған 5 мезгілдік тамақтану, спорттық алаңдар және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін 29 бейнебақылау камерасы қарастырылған, – деді «Қазақстан геологі» емдеу пансионаты КҚМК директорының м.а. Шолпан Есқалиева.
Айта кетейік, биыл жаз мезгілінде облыс бойынша 1530 баланың демалысы мен сауықтырылуы жоспарланған. Қазіргі күнге дейін 256 бала лагерьде демалып үлгерді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі