13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАтырау Мұнай және газ университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының және №17 мектеп-лицейінің ынтымақтастығы аясында Наурыз мерекесіне арналған дәстүрлі зияткерлік викторина өтті.
Достық кездесудің мақсаты – оқушылардың ҚХА-ның, соның ішінде Атырау облысы бойынша ҚХА-ның қызметі туралы түсінігін кеңейту, толеранттылықты, өзара сыйластықты, Қазақстанның этностық мәдениеттерін тасымалдаушыларға деген ықыласты дамытуға ықпал ету, дейді ұйымдастырушылар.
Сондықтан да шараға дәстүрлі түрде этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері қатысты.
Көрісу күніне және Наурыз мерекесіне орай өткізілген сайысқа «Шаңырақ» және «Титан» командалары қатысып, өздерінің білімдері мен ізденімпаздықтарын танытып, брейн-ринг түріндегі үш блогтан тұратын қазақтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы ойын сұрақтарына мүдірмей жауап берді.
Нәтижесінде «Шаңырақ» командасы жеңімпаз атанды, Үздік капитан -Нетесова Дильназ, үздік ойыншылар - Гегамян Давид, Солодовников Николай, Сейтаминова София.
Шара қонақтары – «Иверия» грузин ЭМБ төрағасы Бобохидзе Зураб, «Орыс, славян, казактар бірлестігі қауымдастығының Атырау облыстық филиалының» төрағасы Владимир Заверткин, «Былина» орыс ЭМБ төрағасы Андрей Короблев және басқа да этномәдени орталықтардың мүшелері оқушыларға өздерінің белсенді өмірлік ұстанымын, азаматтық құндылықтары мен патриотизмін көрсете отырып, сөз алды және мектеп-лицей ұжымына алғыстарын білдірді, үздік ойыншыларды бағалы кітаптармен және сыйлықтармен марапаттады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды