23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Атырау облысында жұмысқа орналасуға келген БҚО тұрғынынан 1500 доза есірткі тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция дерегінше, Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде қала аумағында синтетикалық есірткіні жасырын тығу әдісімен айналысқан деген күдікпен 29 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктіні тінту кезінде ақ түсті ұнтақ тәрізді 50 орама, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде ақ түсті ұнтақ тәрізді 3 зип-пакет тәркіленді.
Тексеру жұмыстары кезінде күдіктінің Атырау қаласына тамыз айында жұмысқа орналасуға келгені анықталды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 447,89 болатын және 1500 дозаны құрайтын синтетикалық есірткі екені белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған дерек бойынша ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік