Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАтырауда «Сарқыт» қайырымдылық акциясы аясында «Рождество» мерекесіне орай Қарттар үйінде қайырымдылық концерт өтті. Атырау облысының орыс, славян, казак қауымдастығының Атырау облыстық филиалы және «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің шығармашылық топтары өз өнерлерін көрсетіп, қарттарға қуаныш сыйлады.
Одан әрі Ресейдің Қазақстандағы Бас консулдығының қолдауымен «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде мерекелік шара жалғасын тапты.
Рождестволық мерекені сүйікті ертегілер және мультипликациялық кейіпкерлердің қатысуымен Аяз Ата мен Ақшақар ашты.
Іс-шара барысында Павел Скляренконың жетекшілігімен орыс халық театры актерлерінің орындауында «Как-то раз под Рождество» спектакль-ертегісінен қойылым көрсетілді.
Сонымен қатар, «Светоч» славян этномәдени бірлестігі Рождество мерекесіне арналған концерттік бағдарлама ұсынып, әрі балаларға сыйлықтар тарту етті. Мерекелік шарада «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің шығармашылық топтары, «Арабеск» би-гимнастика мектебінің бишілері, «Всплеск» шығармашылық тобы өз өнерлерін ортаға салды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек