Атыраудағы қанды қылмыс: Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды

Атыраудағы қанды қылмыс: Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды

Аян Қайырбаев
Фото: Видеодан кадр

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Жаңгелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты іс бойынша Сұлтан Сәрсемәлиевті кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сонымен қатар сот оны алаяқтық, ұрлық, мал ұрлау, құжаттарды заңсыз иемдену және жасыру баптары бойынша да кінәлі деп таныды.

«Ақ Жайық» басылымының мәліметі бойынша сот процесі бірнеше айға созылып, көптеген отырыспен өтті. Осы уақыт ішінде айыпталушының соттағы мінез-құлқы да жұрт назарын аударды. Ол сот барысында өзін сабырлы ұстап, кейде жымиып, тіпті күліп отырған, эмоциясын көп білдірмеген. Тек бір ғана жағдайда – сот залына әкесі келген кезде көзіне жас алған.

Сот барысында айыпталушы Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыппен келіспеді. Оның айтуынша, екеуінің арасында сөзге келіспеушілік туындап, кейін өзін қорғану мақсатында әрекет еткен. Алайда сот бұл нұсқаны қабылдамады.

Сонымен қатар Сәрсемәлиев өз жауабында қаза тапқандарды кінәсіз деп санамайтынын айтып, болған оқиғаны бұрынғы жұбайының туыстарымен арадағы ұзаққа созылған жанжалмен байланыстырды.

Іс материалдарына сәйкес, Наурыз Мұқанғалиевті өлтіргеннен кейін айыпталушы қылмыстың ізін жасыруға шешім қабылдаған. Өз сөзінде ол алғашқы қылмысты жасыру үшін Наурыздың ата-анасын өлтіргенін мойындаған. Ал соңғы құрбан – ата-анасы мен ағасын іздеп, олардың жоғалып кеткені туралы сұрай бастаған Мирамгүл болған.

Тергеу мәліметінше, кісі өлтіруден кейін Сәрсемәлиев марқұмдардың мүлкін иемденген. Ол олардың малын сатып, банк карталарынан ақша шешкен, қайтыс болған адамдардың атына шамамен 4 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеген. Сондай-ақ олардың атынан зейнетақы төлемдерін де алған.

Қылмыстан кейін Сәрсемәлиев бұрынғы жұбайымен бірге Қазақстаннан кеткен. Біраз уақыт олар Индонезияда болып, кейін Интерпол желісі арқылы ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған.

Айыпталушы шетелге қашып кетпегенін, керісінше «Құдайдан кешірім сұрау үшін» барғанын айтқан. Алайда тергеу оның елден кетуін қылмыстық жауапкершіліктен жалтару әрекеті ретінде бағалады. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Фото: gov.kz

Резонансты іс

Бұл іс қоғам назарын тек қатыгез қылмысқа ғана емес, Қазақстандағы аса ауыр қылмыстар үшін қолданылатын жаза, тергеу тәжірибесі және жәбірленушілердің құқықтарын қорғау мәселелеріне де аударды.

Тергеу мәліметінше, айыпталушы бұрынғы жұбайының ата-анасын, ағасы мен әпкесін өлтірді деген күдікке ілінген. Қылмыстан кейін ол марқұмдардың мүлкін иемденуге, олардың телефондары мен банк деректерін пайдалануға, сондай-ақ қылмыстың ізін жасыруға әрекет жасаған деген айып тағылып отыр.

Іс барысында айыптау бірнеше рет толықтырылып, оған кісі өлтіруден бөлек, ірі көлемдегі ұрлық, алаяқтық, мал ұрлығы және құжаттарды заңсыз иемдену сияқты баптар енгізілді.

Айыпталушы кейбір эпизодтар бойынша кінәсін ішінара мойындағанымен, төртінші адамның өлімі өзін-өзі қорғау кезінде болғанын айтып, бұл айыппен келіспейтінін мәлімдеді.

Фото: «Ақ Жайық» басылымы

Неліктен прокурор өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады?

Қазақстан заңнамасына сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы ең ауыр қылмыстар үшін қарастырылған. Бұл іс бойынша прокурордың мұндай жаза сұрауына бірнеше ауырлататын мән-жай негіз болған:

Егер сот бұл уәждерді толық дәлелденген деп тапса, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға құқылы.

Фото: видеодан скрин

Қоғам неге мұндай істерге ерекше назар аударады?

Қазақстанда бірнеше адамның өмірін қиған қылмыстар әрдайым қоғамдық резонанс тудырады. Әсіресе қылмыс бір отбасы мүшелеріне қатысты жасалса немесе алдын ала жоспарланған деген күдік болса, қоғам әділ әрі ашық сот процесін күтеді.

Бұл істе де қоғамның назарын аудартқан бірнеше фактор бар:

Қаза тапқандардың туыстары соттан материалдық және моральдық шығын ретінде 70 миллион теңге өндіріп беруді сұрады. Қазақстан заңнамасы бойынша моральдық зиянның нақты мөлшері белгіленбейді. Оның көлемін сот әр істің мән-жайына, келтірілген зиянның ауырлығына және ұсынылған дәлелдерге сүйене отырып анықтайды.

Сонымен қатар прокурор Жәбірленушілерге өтемақы қорына төлем өндіріп алуды және сот шығындарын өтеуді де талап етті.

Еске салайық. Атырау облысының Жангелдин ауылында Қарабалиндер отбасының өліміне қатысты іс бойынша тергеу негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке тағылған айыптарды кеңейткен еді.

Оқи отырыңыз

{