Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАтыраудағы перинаталдық орталықтың палатасын тышқан аралап жүр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде Атырау облыстык перинаталдық орталығында түсірілген бейнежазба елдің талқысына түсті. Жас босанған аналардың палатасында тышқан жүр.
Орталықтың баспасөз қызметі кеміргіштердің барын жоққа шығармады, тек олардың дала тышқандары екенін айтып ақталды.
Перзентхана Атырау қаласынан алыс жерде орналасқан. Ғимарат жазық далада болғандықтан, дала тышқандары бар. Алайда, облыстық перинаталдық орталықтың әкімшілігі бұл мәселенің алдын алу үшін дезинфекция жұмыстарын жиі жүргізеді. Соған қарамастан, тышқандар ғимарат ішінде пайда болып тұр. Алдағы күндері дезинфекция жұмыстары тағы да жүргізіледі, - деп хабарлады перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі.
Атырау облыстық перинаталдық орталығы былтырғы қазан айында коронавирус инфекциясы тараған кезде салынған модульдік ауруханаға уақытша көшірілген болатын. Ал, модульдік аурухана Атырау қаласының аумағынан тысқары орналасқан.
Қазіргі уақытта облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған соң перинаталдық орталық бұрынғы мекенжайына көшіріледі. Жөндеу жұмыстарын аяқтау, орталықты қайта көшіру мерзімі қазан айына жоспарланған, - деп мәлімдеді перинаталдық орталықтың баспасөз қызметінен.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары