6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАтырауда облыстық балалар ауруханасына жаңа магниттік-резонанстық томография құрылғысы ресми түрде қолданысқа берілді,- деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық Балалар күніне орай тарту етілген аппарат өңір тұрғындарының, әсіресе, балалардың денсаулығын жоғары технологиялы әдіспен диагностикалауға мүмкіндік береді. Заманауи талаптарға сай құрылғы тиімді ем-шараларды уақытылы тағайындауға жол ашпақ.
Бұл тек медициналық құрылғы емес, балаларымыздың денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды қадам. Ерте диагноз қою, ауруларды уақытында анықтау – денсаулық сақтаудағы ең шешуші сәттердің бірі. Енді жаңа туған сәбиден 18 жасқа дейінгі балалар қажетті тексерулер үшін алысқа сабылмайды. Жоғары технологиялы аппарат өз өңірімізде де қолжетімді,- деді облыстық балалар ауруханасының басшысы Алмира Сабырғалиева.
Айта кетсек, МРТ – ағзаның жұмсақ тіндерін, ми, жұлын, буын және ішкі ағзаларды, әсіресе, неврологиялық, онкологиялық және тірек-қимыл жүйесі ауруларын егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік беретін заманауи диагностикалық әдіс. Құрылғы зиянды сәуле бөлмейтіндіктен балаларға қауіпсіз саналады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі