28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАтыраудағы №48 «Родничок» балабақшасында жарқанаттар жүр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Бұл туралы ата-аналар әлеуметтік желіге жариялап, наразылықтарын білдірген еді. Мән-жәйді анықтау үшін, Caspian news телеарнаның түсірілімдік тобы балабақшаға барған.
Атыраудағы балабақшаның директоры Лира Досалиева ғимарат өте ескі екенін, 40 жылға жуық уақытта жөндеу жүргізілмегенін айтты.
Ата-аналардың шағымынан кейін қалалық білім бөліміне хат жолдадық. Дезинфекцияны конкурсты жеңген жеке компания жүргізеді. Өткен демалыс күндері олар жарқанаттар табылған жертөледе залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Содан кейін басқа бөлмелер өңделді. Дүйсенбі күні балабақша жабылды, біздің қызметкерлер бөлмелерді тазалады. Біз міндетті түрде дезинфекцияны күшейтеміз, – деді Лира Досалиева.
Мамандардың мәліметінше, Атырауда жарқанаттың екі түрі кездеседі. Бірі үнемі өзге жаққа қоныс аударып, кейін қайта оралуды тіршілік дағдысына айналдырса, екіншісі бір мекенде тұрақтап қалады екен. Осы орайда, терологтар жарқанаттардан ешқандай зиян келмейтінін айтады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?