23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мен облыстық мүгедектерді сауықтыру мекемесі жедел басқару орталығының бақылау камерасына қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі
Әлеуметтік орталықтарды Полиция департаментінің жедел-басқару орталығының бейне бақылау жүйесіне қосуды көптен бері көздеген едік. Қазіргі уақытта, орталық жүйеге қаладағы №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мен облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығын қостық. Екі орталықта көмекке мұқтаж жандарға қызмет көрсететін болғандықтан қауіпсіздікті қамтамасыз ету аса маңызды. Енді, орталық қызметкерлерінің жұмыс барысындағы тәртібі, науқастармен қарым-қатынасы және сырттан келер қауіпті де полиция қызметкерлері бақылап отырады. Алдағы уақытта басқармаға қарасты №1 және №4 орталықтарды да жедел басқару жүйесіне қосу үшін жұмыстанып жатырмыз, - деді А.Мәмбетов
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік