Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАтыраудағы базарлардың бірінде адам өлімімен аяқталған төбелеске қатысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Бейнебақылау камерасына түсіп қалған жанжалда ашулы азамат екінші ер адамды тоғыз рет ұрған. 56 жастағы Амандық Сағынғалиев ауруханаға жеткізілгенімен, алған соққының әсерінен қайтыс болды. Ал күдікті оқиға орнынан дереу із суытқан.
Алғашқылардың бірі болып оқиға орнына марқұмның қызы жеткен. Ол «әкемді жедел жәрдем көлігіне отырғызып жатқанда да, жұдырығы жуан азамат балағат сөз айтуын тоқтатқан жоқ» дейді. Ал кейін келген туыстарына күдікті төбелестің мүлдем басқаша өрбігенін айтыпты. «Сөзге келіп қалып, бір-ақ рет ұрдым. Марқұм өзі құлап, басын соғып алды» деген нұсқаға қайтыс болған азаматтың туыстары сеніп қалған.
Қазір аталған іске қатысты тергеу басталды. Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы істі тікелей жеке бақылауға алғанын хабарлады.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, адам өліміне алып келу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті дереу ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары