30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕнді мұнайлы шаһардағы бірнеше шағын аудандағы интернет желісі жаңартылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Бекбаева мәліметіне сүйенсек, мұнайлы өңірде 153 елдімекен бар.
Оның ішінде "Талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша ауылдық елді мекендерде интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету" жобасына сәйкес 130 елдімекенге интернет желісі жүргізілген.
"Атырау облысында бұған дейін 250-ден астам тұрғыны бар ауылдық елдімекендерге интернетке кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету бағдарламасымен 7 елдімекенге интернет желісі жүргізілді. Бұл – Индер ауданының Жарсуат, Құрылыс, Өркен, Исатай ауданының Нарын, Жаңа Жанбай, Құрманғазы ауданының Шағырлы, Ғ.Әліпов ауылдары. Аталған ауылдар Кселл байланыс операторының 3G және 4G технологиясы бойынша мобильдік интернетпен қамтамасыз етілді. Ал, былтырғы желтоқсан айында Құрманғазы ауданының Жамбыл және Афанасьев елдімекендері интернет желісіне қосылды", – деп хабарлады Қарлығаш Бекбаева.
Оның айтуына қарағанда, биыл Атырау қаласындағы бірнеше шағын ауданында кеңжолақты интернет желісі жаңартылады. Нақтылай айтқанда, "Кар-Тел" ЖШС Еркінқала-2, Ақжар, Ақжар-2, Жұлдыз-3 шағын аудандарында жаңа базалық станциялардың қосымша құрылысын салуды жоспарлап отыр.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды