Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталдыАтырау облысында еңбек инспекторларының араласуымен 40 жұмысшының 36 млн теңгеге жуық жалақысы өндірілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мемлекеттік Еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Игілік Әубәкіровтің айтуынша, алғашқы жартыжылдықта департаментке 1300-ден астам өтініш тіркелген. Соның нәтижесінде 962 адамның еңбек құқығы қалпына келтірілді. Жыл басынан бері 139 тексеріс жүргізіліп, 140 заң бұзушылық анықталған. Жұмыс берушілерге 92 нұсқама беріліп, 61 заңды тұлғаға жалпы сомасы 10 млн теңгеден астам айыппұл салынған.
Облыста ұжымдық шартпен қамтылу деңгейі ірі кәсіпорындарда – 78,2%, орта кәсіпорындарда – 77,1%, шағын кәсіпорындарда – 33,9% құрап отыр. Сонымен бірге еңбек қауіпсіздігін сақтау – басты назарда. Биылғы алты айда 36 өндірістік жазатайым оқиға тіркелді. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін еңбек тәуекелдер картасы арқылы мониторинг жүргізіліп, жоғары тәуекел санатындағы кәсіпорындарда заңдылықтың сақталуы қатаң бақылауда, – деді департамент басшысы.
Айта кетсек, өңірде электрондық еңбек шарттарын енгізу жұмыстары жалғасуда. Бүгінде 6300-ге жуық кәсіпорын 103 мыңнан астам шартты тіркеп, қамту деңгейі 87%-ға жетті. Сондай-ақ мүгедектер мен пробация есебіндегі азаматтарды жұмыспен қамту квотасының орындалуына бақылау жүргізілуде.
Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады