7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Атырауда «Инновациялар және кадрлар: Батыс Қазақстанның жол инфрақұрылымын дамыту перспективалары» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараны «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазжолҒЗИ АҚ) ұйымдастырды. Семинарға еліміздің батысында орналасқан төрт өңірдің мамандары қатысты.
Семинарға Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев қатысты. Ол елдің көліктік-транзиттік әлеуетін дамыту жұмыстарына тоқталып, жаңа технологиялар мен IT шешімдерді енгізу арқылы көлік инфрақұрылымын жаңғырту туралы айтты.
Семинар барысында Атырау мен Орал қалаларында өндірілетін жол құрылысына арналған отандық технологиялар мен материалдар таныстырылды. Отандық өндірушілердің өңір ерекшеліктеріне сәйкес жол жамылғысының сапасын жақсартуға бағытталған жетістіктері мен инновацияларына ерекше назар аударылды.
«ҚазжолҒЗИ» АҚ ғалымдары әзірлеген жаңа материалдар, оның ішінде құм мен құмды-шағыл тасты қоспасына арналған катализаторлар таныстырылды. Бұл материал жолдың мерзімінен бұрын тозуын болдырмауға септігін тигізеді. Материал температурасы +45-тен -45 градусқа дейін өзгеретін экстремалды климаттық жағдайларға ие батыс аймақтары үшін аса маңызды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?