Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАтырауда 4 көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жол-көлік оқиғасы бүгін, 15 шілде күні сағат 15:25 шамасында болған.
Атырау қаласындағы М.Баймұханов көшесінде 4 автокөлік соқтығысты. Төрт автокөліктің екеуі – жолаушылар тасымалдайтын «Daewoo» және «Youtong» маркалы автобус. Ал екеуі – Toyota Camry және Hyundai Elantra маркалы көліктер. Жол апатының салдарынан Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Кәмелетке толмаған жасөспірім жолаушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Өзге көлік құралдарының жолаушыларына жедел-жәрдем қызметкерлері медициналық көмек көрсетті, - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізіліп,іс-құжаттар жинақталып жатыр.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек