22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАтырау облысы Ақкиізтоғай мен Тұрғызба ауылы аралығы және өзеннің теңізге құятын сағасына дейінгі 50 шақырым жердегі түп тереңдету, тазарту жұмыстары аяқталды. Жем өзені арнасының тереңдігі 2-2,5 метрге, ал ені 50 метрге кеңейтілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрсай өзенінің 80 пайызға жуығы тазартылып, тереңдетілген. Қазір қалаішілік аумақтағы жұмыстар жалғасуда. Жоба толық аяқталғанға дейін Құрсай өзенінің аузы уақытша жабылып, су тек Жем өзені арқылы ағып жатыр.
Бекіту шараларын Құрсай өзеніндегі жұмыстар толық бітпегендіктен уақытша жүргіздік, яғни, бұл жердегі жұмыстар жалғасады. Өзеннің алдына арнайы үлкен шлюз салынады. Одан әрі қарай Құрсай өзенін және Құр-Жемді кесіп өтетін бөгеттердің бойына да шағын реттегіш шлюздар орнатылады,- деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов.
Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, бұдан бөлек аудан 3 дәрежелі қорғаныс бөгетімен қорғалған. Оның жалпы ұзындығы 100 шақырымға жуықтайды.
Бірінші бөгет Жем өзенінің түбін тереңдету кезінде шыққан топырақтан төселген. Екіншісі республикалық маңызы бар Атырау-Бейнеу тас жолынан басталып, Ақкиізтоғай ауылына дейінгі 65 шақырым балмен соғылып жатыр. Ал су ол екі бөгеттен өтіп кетті деген жағдайда 3-шісі, яғни, Құлсары қаласын қоршап тұрған былтырғы бөгет қайта нығайтылды,- деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев.
Айта кетейік, ені 20 метр, биіктігі 6 метр болатын, әр 50 см сайын нығайтылған 65 шақырым бөгеттің бүгінде 78 пайыз жұмысы аяқталды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев