Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАтырау облысында жастарға терроризмді насихаттаған 4 адамдық топ ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, топ құрамында Құрманғазы ауданының 4 адамы болған.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының, Құрманғазы аудандық полиция бөлімі мен «Арлан» арнайы жасағының қызметкерлері 16 маусым күні сағат 7:30 шамасында терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген 4 адамды ұстады. Күдіктілер – Құрманғазы ауданының 39, 35 және 33 жастағы тұрғындары. Ұсталған күдіктілердің бәрі Құрманғазы ауданының жастарына теріс жат ағымның ілімін насихаттағаны үшін бақылауға алынған. Олардың тұрғылықты мекенжайларын тексеру кезінде Қазақстан аумағында таратуға тиым салынған діни әдебиеттер мен түрлі насихаттық жадынамалар, ұялы телефондар мен 2 пышақ тәркіленді. Айғақ заттардың бәрі қылмыстық іске тіркелді, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір полиция қызметкерлері ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабымен (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек