23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАтырауда биыл оқу жылын аяқтағалы отырған түлектерге арналған дәстүрлі “Бос жұмыс орындары” жәрмеңкесі өтті. Мақсат – жас мамандарды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету, жұмыс берушілер мен түлектер арасында тікелей байланыс орнату, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік коммуникация қызметінің ақпаратына сүйенсек, жәрмеңкеге 120-дан астам мекеме мен ұйым өкілдері қатысып, жоғары оқу орындарының түлектерімен танысты. Олар университеттің 2000-нан астам студенті ұсынған түйіндемелерді қарап, әлеуетті мамандармен әңгімелесу жүргізді.
Жәрмеңкеде жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасқан жастар жұмысқа орналасатын мүмкіндікке ие болды. Әсіресе, жас педагогтер ерекше белсенділік танытты.
Биылғы жәрмеңкенің өзгешелігі – білім беру ұйымдарының белсенді түрде қатысуы. Университеттің педагогика бағытында оқып жатқан түлектерінің 90 пайызы “Педагогтердің білімін бағалау” тестілеуінен алдын ала өтіп, сертификатқа қол жеткізді. Бүгін олар қалалық және аудандық білім бөлімдерінің өкілдерімен, сондай-ақ мектеп директорларымен сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болып отыр, – деді Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің проректоры Асхат Шүкіров.
Жәрмеңкеде барлық факультет түлектеріне арналған түрлі сала бойынша бос жұмыс орындары ұсынылды. Олардың қатарында білім беру, құқықтану, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, қаржы және шығармашылық бағыттағы ұйымдар бар.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады